Бұл тағамға шұжықпен бірге көкөністер де қосылады.
Қажетті қоспалар:
- 220 гр. күріш
- 150-200 гр. шұжық
- 1-2 дана сәбіз
- 1 дана пияз
- 2 тіс сарымсақ
- 20-30 гр. өсімдік майы
- 1 шай қасық дәмдеуіш
- 1 шай қасық тұз
Дайындалу тәсілі:
- Көкөністердің қабығын аршып, пиязды жұқалап турап, сәбізді ірі үккіштен өткізесіз.
- Табаға май құйып қыздырып, пиязды қуырамыз. Артынша сәбізді салып қуыру керек.
- Шұжықты турап дайындап аласыз. Күрішті де тазалап жуу керек. Содан соң табадағы қуырылған көкөністерге күріш пен шұжықты салып, дәміне қарай тұз, дәмдеуіштерді қосасыз. 450-500 мл қайнаған су құйып, барлығын араластырасыз.
- Қазанды қайнатып, қайнаған соң жай отта 20 минуттай пісіреміз. 20 минут өткеннен кейін қазанға туралған сарымсақты саласыз. Қақпағын жауып, тағы да 5 минут бұқтырасыз. Палау дайын!
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: