МАЙ – ҚАРАЯДЫ, МЕХАНИКА – ҮНЕМДЕЙДІ: Автокөлік әлеміндегі ЕҢ ТАНЫМАЛ, бірақ ПАЙДАСЫЗ мифтер

0
213

Біреудің кеңесіне құлақ аспас бұрын, мәселені жан-жақты зерттеген дұрыс.


МАЙ – ҚАРАЯДЫ, МЕХАНИКА – ҮНЕМДЕЙДІ: Автокөлік әлеміндегі ЕҢ ТАНЫМАЛ, бірақ ПАЙДАСЫЗ мифтер

Автокөлік әлемінде көптеген стереотиптер бар. Әлбетте, олардың көпшілігі белгілі бір ақпаратқа негізделегн, бірақ айтарлықтай алға жылжыған технологиялар көбінесе жағдайды түбегейлі өзгертеді. Кез келген автокөлік жүргізушісі технологияның қарқынды дамып келе жатқанын теріске шығара алмайды. Осы орайда біршама артта қалған көзқарасты жою үшін көптеген автокөлік иелері қолдайтын ең танымал мифтерді жоққа шығарамыз.


1-миф: «Егер май қарайған болса, онда ол жарамсыз болып қалды және оны ауыстыратын уақыт келді»

Бұл ең көп таралған стереотиптердің бірі. Көптеген адамның ойынша қарайған мотор майы өз ресурсын жұмсап біткен және оны өзгерту уақыты келді.

Кейде автокөлік жүргізушілері мотор майының деңгейін тексеру кезінде кенеттен жақында ғана құйылған ашық алтын түстес сұйықтықтың айтарлықтай қарайғанын байқауы мүмкін. Бірақ, бұдан қорқа берудің қажеті жоқ. Мотор майының қараюы - бұл объективті процесс, керісінше, бәрі жақсы екенін және май тиімді жұмыс істейтіндігін көрсетеді.

Біріншіден, көлік құралын пайдалану кезінде жылу циклдары табиғи түрде майдың қараюына әкеледі. Біз қозғалтқышты іске қостық, жүрдік, қозғалтқыш стандартты жұмыс температурасына дейін қызды – тиісінше май да қызды. Көлік тоқтап, қозғалтқыш сөнді, май біртіндеп қоршаған орта температурасына дейін салқындады. Содан кейін тура осындай жағдай ондаған, жүздеген рет қайталанады. Сәйкесінше мұндай тұрақты жылу циклдарының әсерінен кейбір қоспалардың түсі қараңғыланады. Сонымен қатар, әдеттегі тотығу туралы ұмытпаңыз. Яғни, оттегі кесілген алманың қараюына әсер еткен секілді, темірдің тотығуына әкеледі. Сонымен бірге, жоғары температура да тотығуды тездетеді.

Екіншіден, жұмыс кезінде мотор майы қозғалтқыштың барлық дерлік компоненттерімен, оның бөліктерінде пайда болуы мүмкін көміртегі тотығымен, күйемен және шөгінділермен байланысады. Көміртегі шөгінділері әдетте қара түсті болғандықтан, қозғалтқышта шөгінділер болған кезде май тез қараяды.

Мотор майы қозғалтқышта үш функцияны орындайды: ол майлап, салқындатып қана қоймайды, сонымен қатар тазартады. Яғни, ол біртіндеп түсін өзгертетін ең кішкентай бөлшектер мен жану өнімдерін жинайды. Сондықтан қызару - майдың өз жұмысын істеп жатқанының айқын белгісі.

Демек, мотор майының қараюы оның жағдайын бағалаудың анықтаушы факторы емес. Қазіргі майларда олардың қызмет ету мерзімін ұзартатын және тиімділігін арттыратын қоспалар бар, бұл олардың қасиеттерін қызмет көрсету аралығы кезеңінде сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан автомобиль өндірушісі ұсынған мерзім ережелерінен аспау керек. Ал кейбір жағдайларда майды ауыстыру аралығын қысқартқан дұрыс. Егер күмән туындаса, зертханада мотор майын талдауға тапсырыс беруге болады. Бірақ, бұл арзан қызмет емес.

Түске назар аударатын бір жағдай бар, атап айтқанда майдың түсі қою қара түске айналады немесе күйген иіс шығады. Содан кейін ғана сіз дереу дабыл қағуыңыз қажет. Өйткені қозғалтқышта өте жағымсыз деструктивті процестер орын алып, күйе тым көп болады.


2-миф: «Механикалық беріліс қорабы автоматты берілістерге қарағанда үнемді»

Механикалық беріліс қорабының өзі мифке айналғанға дейін (бұл жақын арада орын алады), олардың үнемділігіне деген сенімділік тұрақты болып қала бермек. Шынында да, автоматты беріліс қорабының дамуының алғашқы кезеңінде олар көлікті ашкөз құрылғыға айналдырды. Оған ең алдымен автоматты қораппен жабдықталған әдепкі машиналардың берілісі аз болғандығы, түрлендіргішінің болуы сияқты себептер әсер етті.

Бірақ ол күндер өтті. Қазіргі заманауи машиналар көбінесе механикалық аналогтарына қарағанда көбірек берілістерге ие, бұл энергияны үнемдейтін режимге негізделген. Сонымен қатар, бір педальды алып тастауға мүмкіндік беретін қораптардың жаңа түрлері пайда болды: вариаторлар және қос ілінісу роботтары. Дәл осы және басқа да ерекшеліктер механикалық беріліс қорабының үнемділік бойынша көшбасшылығына бәсеке туындатып отыр.

Жалпы алғанда, жүз пайыздық сенімділікпен дауласатын жалғыз нәрсе – механикалық беріліспен жабдықталған көліктер автоматты беріліспен жабдықталған көліктерге қарағанда арзанырақ. Үнемділік туралы әңгімелер бүгінде мифке айналып барады.


3-миф: «Үрілген шиналар отынды үнемдейді»

Ғылыми тұрғыдан алғанда, бұл идеяның негізі бар. Тыңқия үрілген шиналарда протектордың ортасы сәл дөңес болады, сәйкесінше жанасу нүктесі мен үйкеліс аз, ал домалауға төзімділік төмен болады. Көлікті жылжыту үшін энергия аз жұмсалатын сияқты. Бірақ мұның бәрі тек теорияда өте қолайлы.

Шындығында, автомобильдің массасын, аэродинамикалық кедергісін және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, жанармай тұтынуды нақты азайтуға қол жеткізу үшін жанасу нүктесін түбегейлі азайту керек. Яғни, шиналарды жыртылуға жақын күйге дейін үру керек болады. Бірақ, барлық шиналар мұндай қысымға төтеп бере алмауы әбден мүмкін.

Сонымен қатар, монетаның екінші жағы – тіпті қатты үрілген шиналар да бірқатар проблемаларды туындатады. Біріншіден, жоғарыда айтылған аз байланыс нүктесі – бұл көлік жүргізудегі қиындықтарға ғана емес, сонымен қатар тежеу жолының ұзаруына, басқаруды толығымен жоғалту қаупіне себеп болады. Әсіресе ылғалды және тайғақ жолда.

Екіншіден, ұсынылған қысым мәнін елемеу протектордың біркелкі емес тозуына және шиналардың орталық бөлігінің тез тозуына соқтырады.

Үшіншіден, артық қысым шиналарды едәуір қатайтады, сондықтан сіз жолдағы жайлылықты бірден ұмытасыз. Жыртылу қаупі де жоғары болады. Есіңізде болсын, жұмыс кезінде шиналар қатты қызады, ішіндегі қысым артады, сәйкесінше мұндай жағдайда қатты үрілген шина жол апатының себебіне айналады.

Сондықтан өндіруші ұсынған қысымды сақтау қажет, дұрыс үрленген шиналар оңтайлы отын шығынын жәйне қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.


4-миф: «Радиатордың алдында картон болмаса, қыста салон суық болады»

Бұл мифтің де тарихи тамыры бар. Яғни, салқындату жүйелері тиімсіз болған кезде термостаттар қарабайыр еді, ал желдеткіштер үнемі айналып тұратын. Қозғалтқышты қоршаған ортаның аязды температурасында жылытуды тездету үшін тіпті кейбір автомобиль өндірушілер радиатордың алдына стандартты металл перде орнатқан.

Одан кейінгі кезеңде температура тепе–теңдігін сақтау, отын үнемдеу, ең бастысы зиянды заттардың шығарындыларын азайту тұрғысынан жаңа идеялар іске асырылған. BMW, Peugeot, Citroen, Ford және басқа да көптеген өндірушілердің көліктерінде автоматты түрде жұмыс істейтін перделер немесе оңай алып тастауға және орнатуға болатын арнайы зауыттық торлы штепсельдер пайда болды. Алайда, олар салондағы температураға жанама әсер етеді.

Біздің климаттық аймақта арнайы жабындар, яғни радиатор торының жабылуы қозғалтқышты жылытуды жеделдету кезінде ғана пайдалы болуы мүмкін. Ал, жоғары технологиялық салқындату жүйелерімен, яғни көбінесе екі термостатпен, әртүрлі ақылды басқару бағдарламаларымен, барлық жерде кездесетін датчиктермен және электронды өлшеу және реттеу құрылғыларымен жабдықталған көліктерге артық құрылғының қажеті жоқ. Қозғалтқышты жылыту бірнеше минутқа жеделдеуі мүмкін, одан артық пайдасы болмайды.

Қазірге технологияға сәйкес, салондағы температура қозғалтқыштың температурасына тікелей байланысты. Ол белгілі бір мәнге жеткенде, термостат антифризді үлкен шеңберге бағыттайды және машинада жылу пайда болады. Қозғалтқыш өзінің жұмыс температурасына жеткенде, қолайлы жағдайлар тұрақты режимде сақталады.

Егер салон суық болса және сіз оны жылыта алмасаңыз, картон қоюдың қажеті жоқ, бірақ жылу жүйесінің дұрыстығын тексеру керек. Бұл ауқымды ақау мен шығынның алдын алуда маңызға ие.


5-миф: «Бағдаршамға тоқтағанда автоматты берілісті бейтарап беріліске ауыстыру отынды үнемдеуге мүмкіндік береді»

Көптеген жүргізушілер бейтарап беріліс арқылы жанармай үнемдейтініне сенімді. Сондықтан олар кез-келген аялдамада инстинктивті түрде автоматты беріліс селекторын "N" күйіне түсіреді. Алайда, олар жанармай ақшасын үнемдеймін деп беріліс қорабын жөндеу жағдайына соқтығуы мүмкін.

Автоматты беріліс қорабында «моментті» қозғалтқыштан автоматқа беретін түйін ретінде айналмалы түрлендіргіш әрекет етеді. Бұл беріліс толтырылған трансмиссиялық сұйықтық (ATF) арқылы жүзеге асырылады. Күрделі қажетсіз мәліметтер болмаса-газ педальын неғұрлым қатты бассаңыз, крутящий түрлендіргіш соғұрлым тез айналады және сұйықтық соғұрлым тез айдалады.

Айналмалы түрлендіргіш әрқашан селектор жүргізу режиміне қойылғанда айналады. Сондықтан, "D"-да тұрып тоқтағаннан кейін де көлік алға ұмтылады. Бірақ сіз оны тежегіш педальды басу арқылы ұстап тұрасыз. Кейбір автокөлік жүргізушілері мұны ұнатпайды және берілісті бейтарапқа ауыстырады. Осы арқылы жанармай үнемдеймін деп ойлайды. Бірақ бұл әдіс арқылы үнемдеу екіталай. Өйткені мұндай әрекет кезінде қозғалтқыш жұмысын жалғастырады және оған жанармай жұмсалады.

Сондай-ақ, бұл режим артық үйкелісті көбейтіп, қорапқа қауіп төндіреді. Өйткені әр бағдаршамда күніне ондаған рет, жүздеген, мүмкін айына мыңдаған рет оларды қосуға және өшіруге тура келеді. Бұл ретте олардың тозуы артып, трансмиссиялық сұйықтық ертерек ластанады. Барлық заманауи автоматты берілістер үшін бұл ластанулар өте әсерлі салдарға әкеледі. Атап айтсақ, қорапта шу пайда болып, қозғалтқыш жұмысы әлсірейді. Сәйкесінше, мұны түзеу үшін тек жоспардан тыс жөндеу қажет болады.

Сондай-ақ, ATF-ті жиі ауыстыруға тура келеді. Үйкеліс туралы да есте сақтау керек, олардың қызмет ету мерзімі қысқарады.

Берілісті ауыстыру арқылы жанармай да үнемдей алмайсыз. Өйткені тәжірибе көрсеткендей, көптеген жүргізушілер механикадан қалған ескі әдет бойынша бейтараптан драйвқа ауысқан кезде қайтадан инстинктивті түрде аздап газ береді. Сондықтан тұтыну көлемі артады. Бір сөзбен айтқанда, бағдаршамдарда бейтарап беріліске ауысудың мүлдем пайдасы жоқ.


Автомобиль әлемінде сан алуан миф бар. Оларға сенуді қажет шамалы. Біреудің кеңесіне құлақ аспас бұрын, мәселені жан-жақты зерттеген дұрыс.

Өкінішке қарай, автокөлік әлемінде негізсіз мифтер өте көп. Оларды айтып тауысу да қиын. Бірақ, алдағы уақытта ең маңыздыларын назарларыңызға ұсынуға тырысамыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Қыста терезе жууға арналған сұйықтықтың ҚАЙСЫСЫН ҚОЛДАНҒАН ДҰРЫС?


КӨЛІГІ ДИЗЕЛЬМЕН ЖҮРЕТІНДЕРГЕ КЕҢЕС: Қыста қиын болмасын десеңіз