Цунами қауіпі жоқ деп сендірген метеорологиялық агенттік.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Бүгін, 6 қаңтар күні Жапонияның батысындағы Симанэ және Тоттори префектураларында бірнеше рет жер сілкінген. Қуатты жер дүмпуінің күші 6,2 балл болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Алайда елдің метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ. Дегенмен, бір апта ішінде жер сілкінісі қайталанады деген қауіп бар.
Жапонияның метеорологиялық агенттігі халықты сақтыққа шақырды.


