Жапония жағалауында жер сілкінді

0
76

Цунами қаупі жөнінде ескерту жарияланбады.


Жапония жағалауында жер сілкінді

Фото: Anadolu agency

ERNUR.KZ. Жапонияның Иватэ префектурасы жағалауында магнитудасы 6 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы сәрсенбі, 31 желтоқсанда АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Нода елді мекенінің жағалауынан шығысқа қарай 91 шақырым жерде орналасқан.

Жерасты дүмпулерінің ошағы 19 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар немесе қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Цунами қаупі жөнінде ескерту жарияланбады.

Жапонияның метеорологиялық агенттігі (JMA) жер сілкінісінің магнитудасын 5,7 деп бағалады.