Жаңа Ford Focus-тың қандай болатыны белгілі болды

0
1 105

​Ғаламторда Ford Focus автокөлігінің жаңа нұсқасы бейнеленген суреті пайда болды. Оны Венгрияның Vezess басылымы жариялады.


Жаңа Ford Focus-тың қандай болатыны белгілі болды

фото: © Vezess

Ғаламторда Ford Focus автокөлігінің жаңа нұсқасы бейнеленген суреті пайда болды. Оны Венгрияның Vezess басылымы жариялады.

Суретте көліктің артқы бөлігі едәуір өзгеріске ұшырағаны байқалады. Көлік концепсиясының авторлары жарық шамдарының пішінін өзгерткен. Ал алдыңғы фаралары сол танымал күйінде қалдырылған.

«Фокустың» жаңа буыны модульді платформада құрастырылатын болады. Бұл көліктің салмағын 50 келіге азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа автоны таныстыру салтанаты осы жылдың сәуір айында өтпек. Еуропа нарығында бұл машина күзде пайда болады. Ал АҚШ та жаңа Ford Focus-ты саудаға шығару 2019 жылға жоспарланған.