Венесуэлада жер сілкінісінен кейін үйінді астында үш күн жатқан 11 жастағы бала құтқарылды

0
223


Венесуэлада жер сілкінісінен кейін үйінді астында үш күн жатқан 11 жастағы бала құтқарылды

Венесуэланың Ла-Гуайра өңірінде құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен кейін үйінді астында үш күн жатқан 11 жастағы баланы аман алып шықты, деп жазады Zakon.kz.


2026 жылғы 28 маусымда Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Дельси Родригес жариялаған видеода каска мен жарық шағылыстыратын арнайы киім киген құтқарушылардың баланы үйінді үстінен түсіріп, зембілге жатқызып жатқан сәті көрсетілген. Құтқару операциясы түнгі уақытта прожекторлар мен шамдардың жарығымен жүргізілді.

"Жуырда Карабальеде 11 жастағы бала тірідей құтқарылды. Осындай сәтте аман қалған әрбір адам – Венесуэла үшін үміт", – деді Родригес.

Hace pocos minutos fue rescatado con vida un niño de 11 años en Caraballeda. En estas horas cada vida es esperanza para Venezuela. pic.twitter.com/Pjj5ETaaYe
— Delcy Rodríguez (@delcyrodriguezv) June 28, 2026

Бұған дейін сол күні Ла-Гуайрада құтқарушылар Моисес есімді тағы бір 11 жастағы баланы да үйінді астынан аман алып шыққан болатын. Шамамен үш метр тереңдікте жатқан балаға жету үшін алты сағат бойы үздіксіз құтқару жұмыстары жүргізілген.

"Моисес аман-есен құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Алты сағатқа созылған ұқыпты әрі күрделі жұмыстың нәтижесінде құтқарушылар балаға жетіп, оны қауіпсіз жерге алып шықты", – деп хабарлады құтқару операциясына қатысушылар.