Вирус жұқтырғандардың үшеуі де Ансоатеги штатынан.
Фото: Shutterstock/FOTODOM/ Nuzhat Gallery
ERNUR.KZ. Венесуэланың Денсаулық сақтау министрлігі хантавирус жұқтырған үш адамның қайтыс болғанын мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
Министрлік қайтыс болғандардың кім екенін және жасы туралы ақпарат жарияламады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу басталғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Венесуэланың Денсаулық сақтау министрлігі елдің батысындағы Баринас штатында да екі медицина қызметкерінің белгісіз себептерден қайтыс болғанын хабарлады.
Мәлімдемеде Баринастағы жағдай мен Ансоатеги штатында расталған хантавирус инфекциясы арасында ешқандай байланыс жоқтығы айтылған


