Түркияда ер адам кене үшін орманды өртеп жіберді

0
131

Әдетте кенелерден Түркияның солтүстік провинцияларының тұрғындары жыл сайын зардап шегеді, бірақ биылғы аптап ыстықтың салдарынан олар Стамбул мен Антальяда да пайда болған.


Түркияда ер адам кене үшін орманды өртеп жіберді

Фото: Сnnturk

ERNUR.KZ. Түркияның Маниса провинциясында сот кене жоймақ болған ер адамды қамауға алды. Ол 12 гектар жерді жалмаған орман өртін тұтатты, деп жазады stan.kz.

Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі Ибрагим Юмаклының айтуынша, соңғы бес күнде елде 340-тан астам өрт тіркелген. Сейсенбі күні өрт сөндірушілер елдің әртүрлі аймағында болған тоғыз орман өртін сөндіруді жалғастырып жатыр.

"Манисадағы өрт ауыл шаруашылығы алқаптары мен орманды қоса алғанда 12 гектар жерді жойып жіберді. Өрттің шығу себебін тексерген жандармерия Озджан Ташханды ұстады. Тергеу барысында ол жастықтан кене тауып, оны өртеп, кейін баққа лақтырғанын айтты. Сот оны қамауға алды", – делінген хабарламада.

Әдетте кенелерден Түркияның солтүстік провинцияларының тұрғындары жыл сайын зардап шегеді, бірақ биылғы аптап ыстықтың салдарынан олар Стамбул мен Антальяда да пайда болған. Сивас провинциясында биыл кене шаққаннан кейін Конго-Қырым қанды безгегі жұқтырып, он адам қайтыс болған.