Тоңазытқыш құтқарып қалған: “Милтон” дауылы кезінде жоғалып кеткен ер адам мұхиттан табылды

0
773

Ақпаратқа сәйкес ер адам балық аулайтын кеменің капитаны.


Тоңазытқыш құтқарып қалған: “Милтон” дауылы кезінде жоғалып кеткен ер адам мұхиттан табылды

Фото видеодан алынды

ERNUR.KZ. АҚШ-та Милтон дауылы кезінде зардап шеккен ер адам құтқарылды, деп жазады stan.kz.

Ақпаратқа сәйкес ер адам балық аулайтын кеменің капитаны. 10 қазанға қараған түні Милтон дауылы АҚШ жағалауына жеткенде кемеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Дауыл басталғаннан кейін көп ұзамай ер адаммен байланыс үзілген.

10 қазан күні кешке құтқарушылар капитанды жағалаудан 48 шақырым жерден тапты. Ол құтқарушы жилетін киіп алып, мұхитта тоңазытқыштың үстінде отырған. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

Еске салсақ, АҚШ-тың Орталық Флоридасында "Милтон" торнадосының күші бәсеңдегенімен артынан ауыр салдарын қалдырды. Мұнда үйлер қирап, 3 миллионнан астам нысан электр қуатынан айырылған.