TikTok қожайыны Азиядағы ең бай адам атанды

0
84

Bloomberg оның байлығын 92,8 млрд долларға бағалап отыр.


TikTok қожайыны Азиядағы ең бай адам атанды

Фото: kursiv.media

ERNUR.KZ. TikTok әлеуметтік желісінің негізін қалаған қытай миллиардері Чжан Имин Азияның екінші бай адамы атанды, деп жазады inbusiness.kz.

ByteDance компаниясының негізін қалаушысы Чжан Иминнің дәулеті артып, үндістандық Мукеш Амбаниді басып озды.

Қазіргі таңда Азиядағы ең бай адамдар төмендегідей:

  1. Гаутам Адани (Үндістан, Adani Group);
  2. Чжан Имин (Қытай, ByteDance/TikTok);
  3. Мукеш Амбани (Үндістан, Reliance Industries).

43 жастағы Чжан Имин 2012 жылы ByteDance компаниясының негізін қалады. Алғашында шағын компания ЖИ-ге негізделген Toutiao жаңалықтар агрегаторын жасады. Ол TikTok-тың Қытайға арналған нұсқасын 2016 жылғы қыркүйекте іске қосып, бір жыл өткен соң әлемдік нарыққа шықты. Қытайлық кәсіпкер 2017 жылы Musical.ly қызметін сатып алып, оны TikTok-пен біріктірді.

Қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық белсенді қолдаунышысы бар. TikTok Қазақстанда да танымал желіге айналып отыр.