Техаста магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды

0
111

USGS дерегінше, алдағы бірнеше күнде аталған өңірде қайталама жер сілкіністері болуы мүмкін.


Техаста магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Техас штатында бейсенбі күні магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inform.kz.

USGS мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы шамамен 6 шақырым тереңдікте орналасқан. Эпицентрі Техас пен Нью-Мексико штаттарының шекарасына жақын жерде болған.

Жерасты дүмпуі Техастың батыс бөлігінде және Нью-Мексико штатының оңтүстік-шығысында сезілді.

USGS дерегінше, алдағы бірнеше күнде аталған өңірде қайталама жер сілкіністері болуы мүмкін.