Bangkok Post газетінің хабарлауынша, бортында төрт адам болған тікұшақ Прачуапкхирикхан провинциясының Муанг ауданында апатқа ұшыраған.
Фото: aa.com
ERNUR.KZ. Таиландтың батысында полиция тікұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.
Bangkok Post газетінің хабарлауынша, бортында төрт адам болған тікұшақ Прачуапкхирикхан провинциясының Муанг ауданында апатқа ұшыраған.
Биліктің мәліметінше, үш адам қаза тауып, біреуі тікұшақ құлағанға дейін парашютпен секіріп үлгерген. Тірі қалған адамның жағдайы және оның орналасқан жері әлі белгісіз.
Апат фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл елдегі бірінші әуе апаты емес, сәуірде Таиландтың Прачуапхирикхан провинциясының жағалауында полицияның шағын ұшағы апатқа ұшырап, алты қызметкер қаза тапқан еді.