"Сұлулығын қызғанған": Құпия жанкүйерден келген тәттіні жеген бойжеткен қайтыс болды

0
70

​Бұл туралы CNN Brasil сайты жазды.


Фото: cnnbrasil.com.br

ERNUR.KZ. Оқиға құрбаны – бразилиялық 17 жастағы Ана Луиза де Оливейра Невес, деп жазады inbusiness.kz.

Бойжеткенге курьер арқылы жеткізілген қораптың ішінде "Мен көрген ең сұлу қызға арналған тәтті" деген жазба болған. Десе де, жіберушінің аты-жөні жазылмаған.

Ана Луиза тосынсыйды фотоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Тәттіні жегеннен соң, қыз өзін нашар сезінген. Сосын әкесінің оны ауруханаға апарғаны белгілі болды. Дәрігерлер улану белгілерін анықтап, қажетті ем-дом жасаған. Кейін қызды үйіне қайтарған.

Десе де, келесі күні Ана Луиза қатты ауырған. Қызды ауруханаға жеткізуге тырысса да, ол жолда жан тапсырды.

Тергеу барысында полиция тәттінің құпия жанкүйерден емес, марқұмның жақын құрбысынан келгенін анықтады.

Күдікті кінәсін мойындап, тәттінің ішіне мышьяк қосқанын айтқан. Мұндай әрекетке Ана Луизаның сұлулығына қызғанышпен барыпты.

Полиция дерегінше, бұл күдіктінің алғашқы әрекеті емес. Қазір ол кәмелетке толмағандарға арналған түзету мекемесіне қамалған.