​"Сіз оны тоқтата аласыз": Зеленский Путинге хат жолдады

0
105

"Олардың көпшілігі мұндай кездесуді қабылдауға қабілетті әрі дайын", – деп жазды Зеленский.


​

Сурет: Telegram/news_kremlin, Instagram/zelenskyy_official


ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинге ашық хат жолдады, деп жазады Zakon.kz.

Хат мәтіні Украина президентінің ресми сайтында 2026 жылғы 4 маусым, бейсенбі күні жарияланған.

Хатында Украинаның 6-президенті Путинге тікелей келіссөздерді бастауды, атысты тоқтатуды және барлық тұтқындарды айырбастауды ұсынды.

Оның пікірінше, екі ел басшысы бейтарап алаңда – Швейцарияда, Түркияда немесе араб елдерінің бірінде кездесе алар еді. "Олардың көпшілігі мұндай кездесуді қабылдауға қабілетті әрі дайын", – деп жазды Зеленский.

"Біз өзімізден кейінгі украиндар мен ресейліктер ұрпағын қандай болашақ күтіп тұрғанын анықтауымыз керек... Сіз оны тоқтата аласыз". Владимир Зеленский