​Сібірде жеке велошеруге шыққан экстремалды спортшы көз жұмды

0
91


​Сібірде жеке велошеруге шыққан экстремалды спортшы көз жұмды

Фото: BILD

ERNUR.KZ. Польшалық экстремалды спортшы Адам Борейко Шығыс Сібірдегі жеке велошеру кезінде қайтыс болды, деп жазады inform.kz.

Ол Якутия арқылы шамамен 900 шақырым жол жүруді жоспарлаған, бірақ осы жолдың бел ортасында орналасқан Хандыга ауылындағы қонақүйде өлі күйінде табылды. Әуесқой спортшының қайтыс болғаны туралы Якутия төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Борейко 25 қаңтар күні әлемдегі ең суық жерлердің бірі Якутиядағы Оймякон ауылына бет алды. Жарыс өтетін күні аймақта ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеді. Ол өзінің Instagram парақшасында маршрутқа дайындығы мен шарттары туралы үнемі жариялап отырды.
Оймякон өзінің рекордтық аяздарымен танымал: 1933 жылы онда термометр -67 градусты көрсетті.