Қорғанның жалпы ауданы шамамен 2100 шаршы метрді құрайды,
Сурет: pixabay
The Korea Herald басылымының мәліметінше, бұл бункер тұрғындарды ядролық, биологиялық немесе химиялық шабуылдардан қорғауға арналған. Баспана бұрын Сондон тергеу изоляторы орналасқан Гарак-донг ауданындағы көпқабатты тұрғын үй кешенінің астына салынады.
Қорғанның жалпы ауданы шамамен 2100 шаршы метрді құрайды, 1020 адамға ықшамдалып салынған. Заманауи желдету, су жинау, сумен жабдықтау және канализация жүйелерімен жабдықталады. Адамдар онда 14 күнге дейін қауіпсіз жағдайда бола алады.
Бейбіт уақытта бункер орналасқан орын фитнес-орталық ретінде пайдаланылатын болады.
"Жобаға түрткі болған негізгі факторлар – Солтүстік Корея тарапынан күшейіп келе жатқан әскери қауіптер мен жаһандық қауіпсіздік саласындағы тұрақсыздық", – делінген жарияланымда.
Мұндай қорғаныс орындарының құрылысы "Сеул қорғанысы – 2030" атты қалалық жоспардың бір бөлігі болып табылады. Бұл жоспарды Сеул қаласының билігі 2024 жылдың наурызында қабылдаған.
Сонымен қатар, бункер салынып жатқан тұрғын үй кешенінің иллюстрациясы да жарияланды.