Румынияда әйелді қасақана өлтіргені үшін өмір бойына соттау жазасы енгізілді

0
106

Енді фемицид жеке қылмыс ретінде танылады және ол үшін 15 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Румынияда әйелді қасақана өлтіргені үшін өмір бойына соттау жазасы енгізілді

ERNUR.KZ. Румынияда фемицидке қарсы заң қабылданды, деп жазады stan.kz.

Енді фемицид жеке қылмыс ретінде танылады және ол үшін 15 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

“Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық – сорақы әрекеттердің бірі. Бұл агрессия ұзақ уақыт бойы еленбей келген немесе жеткілікті деңгейде тоқтатылмаған, соның салдарынан ауыр қасіреттерге әкелген”, – деп жазды заңға қол қойған Румыния президенті Никушор Дан.

Жаңа заңның түсіндірме жазбасында қатаңдату шараларының қажеттігі отбасындағы қылмыстардың көбеюімен байланысты екені айтылған. 2025 жылы елде фемицидтің 66 жағдайы тіркелген.

Журналистердің Snoop дерегіне сәйкес, өткен жылы Румынияда орта есеппен әр 2,5 күн сайын ер адам әйелді өлтіруге әрекет жасаған немесе өлтірген.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрық жобасына сәйкес, түзеу мекемелерінің әкімшіліктері жазасын өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 12 айдан кешіктірмей сотқа материалдарды жолдауға тиіс. Бұл педофилия диагнозының және зорлық жасауға бейімділіктің бар-жоғын анықтайтын сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау үшін қажет.

Егер сараптама тәуекелдерді растаса, сот босатылуға алты ай қалғанда химиялық кастрацияны тағайындай алады. Бұл шара тек сот шешімімен жүзеге асады және арнайы дәрілерді үнемі егу түрінде жүргізіледі.