Ресейде жасөспірім 12 жасар баланы атып тастады

0
110

Қайғылы оқиғаның себепкері 17 жастағы жасөспірім екен.


Ресейде жасөспірім 12 жасар баланы атып тастады

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Камчаткада (Ресей) жасөспірім пневматикалық мылтықпен 12 жасар баланы атқан. Бұл пневматикалық мылтықты абайсыз ұстаудың салдарынан орын алған, деп жазады zakon.kz.

Ресей Федерациясының аймақтық тергеу комитетінің Telegram-каналындағы ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиғаның себепкері 17 жастағы жасөспірім екен. Қайғылы жағдай Камчатка өлкесінің Елизовский ауданындағы Новый ауылындағы үй жанындағы гаражда болған.

Ведомствоның мәліметінше, оқ баланың оң иығына тиген. Бала хирургиялық бөлімшеге жатқызылды.

Қазіргі уақытта баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша тергеу қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес шешім қабылдайды.