Путин мен Тоқаев Ресей президентінің Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарын талқылады

0
124

Владимир Путин сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады.


Путин мен Тоқаев Ресей президентінің Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарын талқылады

© AP Photo / Alexander Zemlianichenko

ERNUR.KZ. Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Кремль, деп жазады sputnik.kz.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады.
Тараптар Владимир Путиннің Астанаға алдағы мемлекеттік сапарына және онда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына дайындыққа қатысты ағымдағы мәселелерді талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 81 жылдығын мерекелеуге байланысты Мәскеуде болған кезінде көрсетілген қонақжайлылық үшін алғыс білдіргені айтылды.
Бұған дейін Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.