Пәкістанда теміржолда жарылыс болып, 16 адам қаза тапты

0
222


Пәкістанда теміржолда жарылыс болып, 16 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Пәкістанның Кветта қаласында теміржолда жарылыс болды. Ид ауданына бағыт алған жолаушылар пойызында 16 адам қаза тапты, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп жазады Zakon.kz.


Полицияның мәліметінше, жарылыс қауіпті учаскеден жолаушылар пойызы өтіп бара жатқанда болған. Жолаушылар айт мерекесін тойлау үшін отбасыларына бет алған.

Қаза тапқандар мен жараланғандар азаматтық ауруханаға жеткізілді.