Ормуз бұғазының оңтүстік бағытымен жүзіп бара жатқан екі мұнай танкері теңіз миналарына жарылды.
ЖИ/ Ulysmedia
ERNUR.KZ. Иран тарапы екі мұнай танкерінің жарылғанын және тағы төрт кеменің ұсталғанын мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz.
Ормуз бұғазының оңтүстік бағытымен жүзіп бара жатқан екі мұнай танкері теңіз миналарына жарылды. Бұл туралы Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы хабарлады.
Fars агенттігі таратқан мәлімдемеде бұғаздың оңтүстік өткелі миналар қойылғандықтан аса қауіпті екені және толық жабылғаны айтылған.
Сондай-ақ Tasnim агенттігінің мәліметінше, Ормуз бұғазында тағы бір оқиға болған. Әскерилер рұқсатсыз бұғаздан өтпек болған Таиланд туы тағылған кемеге оқ атқан.
Сонымен қатар Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы рұқсатсыз өтуге әрекеттенген тағы төрт кеменің ұсталғанын хабарлады.
ШИЕЛЕНІС
Тегеран мен Вашингтон 18 маусымға қараған түні 28 ақпанда басталған қақтығысты тоқтатуды көздейтін меморандумға қол қойған еді.
Алайда АҚШ әскері 8 шілдеден бері Иранға бірнеше мәрте соққы жасады. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы бұл әрекеттерді Ормуз бұғазы арқылы өткен коммерциялық кемелерге қарсы Иранның іс-қимылына жауап ретінде жасалғанын мәлімдеген.
Бұған жауап ретінде Иран әскері Таяу Шығыстағы бірқатар елдерде орналасқан АҚШ әскери базаларына соққы жасады.


