​Орман өртіне байланысты Ресейдің 4 өңірінде төтенше жағдай жарияланды

0
84

Ресейдің 4 өңірінде төтенше жағдай режимі, 58 өңірінде ерекше өртке қарсы режим, ал 87 өңірінде өрт қауіпті маусым енгізілген.


​Орман өртіне байланысты Ресейдің 4 өңірінде төтенше жағдай жарияланды

Фото: Report

ERNUR.KZ. Якутияда орман өрті 8,4 мың гектардан астам аумақта сөндірілуде. Бұл туралы аталған өңірдің Экология министрлігі хабарлады, деп жазады inform.kz.

Хабарламада айтылғандай, тәулік басында Верхоян, Горный, Жиган, Кобяй, Ленск, Мирный, Олекмин, Оленек, Сунтар, Среднеколым, Татта, Усть-Алдан және Чурапча аудандарының аумақтарында жалпы 8,402 мың гектарды қамтитын 24 орман өрті тіркелген. Өрт сөндіруге 520 адам және 24 техника жұмылдырылған.

Мирный ауданында ормандарда төтенше жағдай режимі енгізілді. Ал Верхоян, Олекмин, Чурапча, Эвено-Бытантай аудандарында және Жатай қалалық округінде ерекше өртке қарсы режимдер күшінде.
Айта кетейік, Якутия Ресей Федерациясындағы ең өрт қаупі жоғары өңірлердің бірі болып табылады. «Авиалесоохрана» деректеріне сәйкес, 2024 жылы республика аумағындағы табиғи өрттердің жалпы көлемі шамамен 3,25 млн гектарды құраған.
Сонымен қатар, «Авиалесоохрана» телеграм-арнасында хабарланғандай, өткен тәулікте Ресейдің 9 өңірінде 18 орман өрті сөндірілді. 7 өңірде 37 орман өртін сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Өрт сөндіруге 1 406 адам, 114 техника, 17 әуе кемесі қатысқан. Орман өрттеріне әуе арқылы мониторинг жүргізу үшін 78 әуе кемесі тартылды.
Тыва Республикасындағы орман өрттерін тұрақтандыруға «Авиалесоохрана» федералдық мекемесінің 249 қызметкері көмек көрсетуде.
Ресейдің 4 өңірінде төтенше жағдай режимі, 58 өңірінде ерекше өртке қарсы режим, ал 87 өңірінде өрт қауіпті маусым енгізілген.