depositphotos.com
ERNUR.KZ. 25 шілдеде таңертең Грузияның едәуір бөлігінде электр қуаты қайта өшті. Бұл - кейінгі екі күнде болған екінші жағдай, - деп жазады Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желі қолданушыларының жазуынша, Грузияның бірнеше қаласы, соның ішінде Тбилиси шамамен сағат 08:00-ден бастап электр қуатынсыз қалған. Сондай-ақ, өңірлерде де жарық сөнген.
Елордада жарықтың жаппай сөнуіне байланысты метроның жұмысы тоқтап, елдің батысында пойыздар жүрмей қалды.


