Оқиға Мехико штатындағы Атлакомулько қаласында болған.
Фото: скриншот
ERNUR.KZ. Мексиканың Атлакомулько қаласында қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар мінген автобусты қағып кетіп, ортасынан қақ бөлген. Желіде апаттың видеосы тарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Апат салдарынан 10 адам қаза тауып, 40 адам жараланған. Қорқынышты апаттың видеосы бақылау камераларына жазылып қалған екен. Видеода көрініп тұрғандай, теміржол өткеліне келгенде жеңіл көлік пойызға жол берген.
Алайда, үлкен автобустың жүргізушісі үлгеремін деген болу керек теміржолға шығып кеткен.