Мексикада депутат әйелдер кеңес отырысында төбелесіп қалды

0
97

Қалалық кеңесте жеке деректермен айналысатын "ашықтық мекемесін" таратып, оның орнына жаңа ұйым құру туралы заң жобасы талқыланған.


Мексикада депутат әйелдер кеңес отырысында төбелесіп қалды

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Жақында Мехикода өткен қалалық кеңес отырысы кезінде екі саяси партияның өкілдері арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты. Депутат әйелдер бір-бірінің шашын жұлып, итерісіп, айқайлаған, деп жазады zakon.kz.

Қалалық кеңесте жеке деректермен айналысатын "ашықтық мекемесін" таратып, оның орнына жаңа ұйым құру туралы заң жобасы талқыланған. Осы мәселе бойынша Ұлттық әрекет партиясы (PAN) мен Ұлттық жаңару қозғалысы (MORENA) мүшелері мінбер маңында қызу пікірталасқа кірісіп, сөз таласы ушығып кеткен. Бұл туралы NDTV басылымы жазды.

Жанжал күшейген сәтте кеңес отырысына қатысқан Даниэла Альварес, Юрири Аяла, Марта Авила, Росарио Моралес және Клаудия Перес секілді әйел депутаттар бір-бірімен төбелесіп, шаштан тартып, итерісіп, қатты айқайлай бастаған. Осы кезде кейбір кеңес мүшелері оларды ажыратуға тырысса, енді біреулері болған жағдайды ұялы телефон камераларына түсіріп алған.