Мексикада 5,6 магнитудалы жер сілкінісі болды

0
173

Жерасты дүмпулерінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте болған.


Мексикада 5,6 магнитудалы жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Мексиканың Төменгі Калифорния штатының жағалауында 5,6 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп жазады BAQ.KZ.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Санта-Росалия қаласынан 75 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан.

Жерасты дүмпулерінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту жарияланған жоқ.

Алдын ала ақпарат бойынша, қаза болғандар мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.