​Мәскеуде станция жанындағы жарылыстан полиция қызметкері қаза тапты

0
105

Тағы бір зардап шегуші ауруханаға жатқызылған.


​Мәскеуде станция жанындағы жарылыстан полиция қызметкері қаза тапты

Фото: Павел Селезнев /  ТАСС

ERNUR.KZ. Мәскеудегі Савеловский станциясы жанында болған жарылыс салдарынан бір полиция қызметкері қаза тауып, тағы бір қызметкер жараланды, деп жазады inform.kz.

— Бүгін шамамен сағат 00:05–те Савеловский станциясында тұрған Мәскеудің солтүстік-шығыс округінің жол полициясы қызметкерлеріне бейтаныс адам жақындаған. Содан кейін белгісіз құрылғы жарылды, — деп хабарлайды «МВД медиа».

Алдын ала мәлімет бойынша оқиға салдарынан бір жол полиция қызметкері көз жұмып, ал екінші қызметкерге медициналық көмек көрсетілді.
Ведомство зардап шеккен қызметкердің ауруханаға жатқызылғанын айтты. Құқық қорғау органдары алдымен қылмыскер жарылыс болған жерден қашып кетті деген тұжырымға келді. Оны іздестіруге полицияның және басқа да күштік ведомстволардың кешенді топтары жұмылдырылып, жедел-іздестіру іс-шаралары іске асырылды.
— Алдын ала анықталғандай, шабуыл жасаған адам оқиға орнында қаза тапты, — делінген хабарламада.
РФ ІІМ Мәскеу қаласы бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға болған жерді аралап, бақылау камерасының жазбаларын қарап шыққан полиция қызметкерлері қылмыскердің қайтыс болғанын анықтады.