Оқиға орнына 180-нен астам өрт сөндіруші мен құтқарушы жұмылдырылған.
фото:baq.kz.
ERNUR.KZ. Қытайдың Фуцзянь провинциясындағы аяқ киім фабрикасында болған ірі өрт салдарынан кемінде 28 адам қаза тапты, деп жазады baq.kz.
Қытайдың Орталық телеарнасының мәліметінше, өрт Цюаньчжоу қалалық округіндегі кәсіпорында болған. Өрт туралы хабар жергілікті уақытпен 9 шілде күні түске қарай түскен.
Оқиға орнына 180-нен астам өрт сөндіруші мен жедел қызмет мамандары жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Сондай-ақ үйінді астында адамдардың қалып қойған-қалмағаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Билік өрттің шығу себептерін анықтау үшін арнайы тергеу бастады.


