Биыл жыл басынан бері нарықтағы бағаға 18 рет түзету енгізіліп, 12 жағдайда баға көтерілген.
Фото: mondiara.com
ERNUR.KZ. Қытайдың логистика және сатып алу федерациясының мәліметіне сәйкес, энергия және химиялық өнімдер бағасының индексі 5,7 және 3,7 пайызға өскен, деп жазады inbusiness.kz.
Бүгінде ұйым қадағалайтын 50 негізгі тауардың 27-і қымбаттап кетті. Оның ішінде жанармай да бар.
"Бұған Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленіс, халықаралық мұнай құнының мың құбылуы түрткі" деп түсіндіріп отыр қытайлық сарапшылар.
Қытай – әлемдік деңгейдегі ірі мұнай тұтынушы ел. Бірақ бұл бағаның өсуіне әсер еткен жалғыз фактор емес. Қытай – алып территориясы мен географиялық орналасуы жағынан күрделі мемлекет. Сондықтан логистика және көлік шығындарын қосуға болады. Әр провинция мен аудандарда салық саясаты әртүрлі. Бұл да әсер етіп отыр. Бұл жолы жанармай бағасы орташа есеппен 14 теңге көлемінде қымбаттады.
Мәселен, қазір елдің солтүстігі Бейжің қаласында АИ 92 маркалы бензиннің литрі – 580 теңге. Шығыстағы Шанхайда да дәл осындай. Елдің орталық бөлігінде 581-585 теңге аралығында. Ең қымбаты Хайнань аймағында 660 теңгеге дейін барады.
Кейінгі кезде Қытайда тоқпен жүретін көліктерді сатып алушылар көбейді. Қытайдың автоөндірушілер қауымдастығының мәліметіне сай, өткен айда нарықтағы сатылған жаңа көліктердің 60 пайызы электромобильдер. Бұған түрткі болған нәрсенің бірі – осы жанармай бағасының шарықтауы.


