Қытайда су тасқынына байланысты шұғыл әрекет ету режимі іске қосылды

0
92

Құзырлы министрлік тиісті тапсырма берді.


Қытайда су тасқынына байланысты шұғыл әрекет ету режимі іске қосылды

Фото: China Daily

ERNUR.KZ. ҚХР Су шаруашылығы министрлігі Қытайдың төрт өңірінде – Аньхой, Хэнань, Шэньси провинцияларында және орталыққа тікелей бағынатын Чунцин қаласында су тасқынына байланысты төтенше әрекет етудің төртінші деңгейлі режимін енгізді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұдан бөлек Цзянси, Хубэй және Хунань провинцияларының өңірлерінде де осы деңгейдегі тасқынға қарсы әрекет ету режимі сақталды.

24-27 мамыр күндері Қытайдың оңтүстік-батысындағы шығыс және солтүстік аудандарда, Солтүстік-Батыс Қытайдың шығыс бөлігінде, Хуанхэ өзені мен Хуайхэ өзені аралығындағы аймақтарда, Янцзы өзені мен Хуайхэ аралығындағы өңірлерде, Янцзы өзенінен оңтүстікте орналасқан аймақтардың солтүстік және батыс бөліктерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Қауіп деңгейі жоғары кейбір шағын және орта өзендерде су деңгейі тасқын туралы ескерту шегінен асуы ықтимал.

Су шаруашылығы органдарына жауын-шашын мен су деңгейін нақты уақыт режимінде бақылауды күшейтіп, ерте ескертуге қатысты ақпаратты уақытылы жариялап отыру тапсырылды. Министрлік су тасқыны маусымы кезінде су қоймаларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге, шағын және орта өзендердегі тасқындардың алдын алу шараларын күшейтуге, сондай-ақ таулы аймақтардағы лай көшкіні мен сел қаупінің алдын алуға ерекше назар аудару қажет екенін мәлімдеді.