Қытайда әлемдегі алғашқы толық роботтандырылған қонақүй ашылады

0
112


Қытайда әлемдегі алғашқы толық роботтандырылған қонақүй ашылады

ERNUR.KZ. Қонақүйде 44 жоғары санатты бөлме, мейрамхана, спорт залы және өзге де демалыс аймақтары болады. Барлық қызмет бірыңғай интеллектуалды жүйеге біріктіріліп, қонақтарға толық автоматтандырылған сервис ұсынылады, деп жазады baq.kz.

Қытайда 2027 жылы әлемдегі алғашқы толық роботтар басқаратын қонақүй келушілерге есігін ашады. Ол Шэньчжэнь–Чжуншань көпірі жобасы аясында салынған жасанды аралда орналасады.

Жобаны Pudu Robotics жүзеге асыруда. Қонақүйде қонақтарды қарсы алу мен тіркеуден бастап, бөлмелерді тазалау, тағам дайындау, бөлмеге тапсырыс жеткізу және багаж тасымалдауға дейінгі барлық қызметті роботтар атқарады.

Нысан кезең-кезеңімен іске қосылады. 2026 жылдың соңында сынақ режимі басталып, бірнеше бөлме мен роботтар көрсететін қызметтер көпшілікке қолжетімді болады. Ал қонақүйдің толық ашылуы 2027 жылға жоспарланған.

Қонақүйде 44 жоғары санатты бөлме, мейрамхана, спорт залы және өзге де демалыс аймақтары болады. Барлық қызмет бірыңғай интеллектуалды жүйеге біріктіріліп, қонақтарға толық автоматтандырылған сервис ұсынылады.

Айта кетейік, Қытайдың ірі қалаларындағы қонақүйлерде тағам жеткізетін және бөлмелерді тазалайтын роботтар қазірдің өзінде кеңінен қолданылып келеді. Ал жаңа жоба адам қызметкерлерінсіз жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы толық роботтандырылған қонақүй болмақ.