Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді

0
92


Қырғызстанның оңтүстігінде жер сілкінді

Фото: AkiPress

ERNUR.KZ. Қырғыз Республикасы Сейсмология институтының хабарлауынша, жерасты дүмпулері сағат 00:31-де тіркелген, деп жазады inbusiness.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Талды-Суу ауылынан солтүстікке қарай 5 шақырым, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан.

Талды-Суу ауылында сілкініс қарқыны 3 баллды, Сары-Моғол және Арча-Булақ ауылдарында – 2,5 баллды құрады.