Қырғызстанда жиналыс кезінде бірден 24 шенеунік тұтқындалды

0
188

Ұсталған 24 лауазымды тұлғаның жетеуі салық қызметкері, 6 шекарашы, 7 фитосанитарлық бақылау маманы және көлік министрлігінің 4 қызметкері.


Қырғызстанда жиналыс кезінде бірден 24 шенеунік тұтқындалды

Фото: kaktus.media

ERNUR.KZ. Олардың барлығы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде өткен жиналыс кезінде ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

Қырғызстанның Чу облысындағы Қазақстанмен шектес "Чалдовар-Автожол" өткізу бекетінде контрабандаға қатысы бар деген күдікпен 24 шенеунік ұсталды.

"Қылмысқа Чалдовар ауылының жергілікті депутаты және Өзбекстан азаматы да тартылған. Олар ЕАЭО елдерінен жалған құжаттармен тауарларды заңсыз әкелу үшін жалған компания тіркеді. Бұл адамдар контрабанданы жасыру үшін "М-Банк" интернет-әмияндары және қолма-қол ақша арқылы аталған мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне үнемі пара түрінде ақша беріп отырған", – деп атап өтті Ұлттық қауіпсіздік комитеті.