Қырғызстанда жер сілкінісі болды

0
134

Қазақстандық ұлттық деректер орталығы мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы - 4,2.


Қырғызстанда жер сілкінісі болды

Скриншот Яндекс карта

ERNUR.KZ. Қырғызстанда жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстандық ұлттық деректер орталығы мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы - 4,2. Жер сілкінісі Қырғызстан аумағында 26 маусымда Астана уақытымен сағат 06:48-де тіркелген.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Тұмшұқтан (Қытай) солтүстік-батысқа қарай 215 шақырым және Нарыннан (Қырғызстан) шығысқа қарай 104 шақырым жерде орналасқан.

"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Нарын қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 96 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.