Қырғызстанда депутаттарға жалақы төлеу тоқтатылды

0
112

Қолданыстағы депутаттарға жалақы төлеу тоқтатылғанымен, олардың өкілеттігі әлі де сақталады.


Қырғызстанда депутаттарға жалақы төлеу тоқтатылды

Фото: iacis.ru

ERNUR.KZ. Қырғызстан парламенті депутаттарының кеңесшілері мен көмекшілері жаппай қызметтен кетті. Бұл шешім алдағы сайлауға байланысты қабылданған, деп жазады ulysmedia.kz.

Қолданыстағы депутаттарға жалақы төлеу тоқтатылғанымен, олардың өкілеттігі әлі де сақталады. Өкілеттік тек сегізінші шақырылым депутаттары ант беріп, өз қызметіне кіріскеннен кейін ғана тоқтатылады. Парламенттің баспасөз қызметі мұндай шара сайлау процесіне қатысушылар үшін ашықтық пен тең мүмкіндік қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын атап өтті.

Бұған дейін Қырғызстан парламенті комитеті өзін-өзі мерзімінен бұрын тарату туралы шешімді мақұлдаған еді.

Бастамашы депутаттар тобы бұл шешім үшін қажет 32 қол жинады. Парламентті таратуға түрткі болған басты себеп — келесі жылы өтетін екі сайлау науқаны. Себебі 2026 жылы Жогорку Кенеш сайлауы мен президенттік сайлау қатар өтпек. Бұл — саяси тарихы күрделі шағын мемлекет үшін елеулі сынақ болғалы тұр.

Ulysmedia.kz мәліметінше, депутаттар мандаттарынан мерзімінен бұрын бас тартуға осы себеппен келіскен. Сайлау 2025 жылдың 30 қарашасы, жексенбі күні өтеді.