Қырғызстанда әскердегі әлімжеттікке қарсы жаза күшейтіледі

0
130

Заң жобасы көпшілік талқылауға шығарылды.


Қырғызстанда әскердегі әлімжеттікке қарсы жаза күшейтіледі

Фото: 24.kg

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Қорғаныс министрлігі әскердегі жарғыға сай емес қарым-қатынастар бойынша жазаны қатаңдатуға бағытталған бастама көтерді, деп жазады inbusiness.kz.

Оған сәйкес, Қылмыстық кодекске, Қылмыстық-процестік кодекске және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске өзгерістер енгізілмек. Құжат жобасы жария талқылауға шығарылды. Осылайша әскердегі жарғыға қарсы әрекеттер үшін жауапкершілік күшейтіледі. Бұл түзетулер ҰҚК тапсырмасына сәйкес әзірленді. Қырғызстанда әскери қызметшілер арасында әлімжеттік пен тәртіп бұзу фактілері тіркеліп отыр.

"Қарулы күштерде, әскери құрамалар мен заң бойынша әскери қызмет көзделген мемлекеттік органдарда әскери қызметшілер арасындағы жарғыда көрсетілген өзара қарым-қатынас ережелерінің бұзу деректері кездеседі. Бұл өз кезегінде жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалына, тәртіпке және әскери ұжымдардағы құқықтық тәртіпке кері әсерін тигізеді. Осындай құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар қабылданып жатқанымен, қолданыстағы құқықтық база әскери қызметтің ерекшеліктерін толық ескермейді", – делінген заң жобасына қоса берілген түсіндірмеде.

Құжат бойынша санкциялар күшейтіледі. Яғни, қамау мерзімін бес күннен он күнге дейін ұзарту және ақталмайтын негіздер бойынша істерді тоқтатуды алып тастау қарастырылған.