Оңтүстік Кореяның Конституциясына сәйкес, парламентте көпшілік дауысқа ие болған кезде әскери жағдай жойылуы керек болатын.
Фото: Yonhap
ERNUR.KZ. Корея Республикасының ұлттық жиналысы ел президенті Юн Сок Ёльдің әскери төтенше жағдай режимін алып тастауын талап етті, деп жазады inform.kz.
Оңтүстік Кореяның Конституциясына сәйкес, парламентте көпшілік дауысқа ие болған кезде әскери жағдай жойылуы керек болатын. Алайда әскерилер парламенттік кешен аумағына кірді. Кешеннің сыртына жиналған көп адам полиция мен күзетшілермен қақтығысты.
Ғимарат аумағында әскери тікұшақтардың ұшып жүргені туралы да мәлімет тарады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль халқына жолдау жасап, елде әскери төтенше жағдай жариялаған еді.
Осыған орай Кореядағы Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.