Қар барысы Қырғызстанның ресми символы болып бекітілді

0
144

Қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.


Қар барысы Қырғызстанның ресми символы болып бекітілді

ERNUR.KZ. Қырғызстан министрлер кабинеті қар барысын елдің ұлттық символы ретінде ресми түрде бекітетін қаулыны мақұлдады, деп жазады baq.kz.

Үкімет төрағасы Адылбек Қасымалиев қол қойған құжатта қар барысының ресми логотипі мен оны қолдану тәртібі де белгіленген.

Бұл шешім 2023 жылғы 29 желтоқсанда қабылданған «Қар барысын Қырғыз Республикасының ұлттық символы ретінде тану туралы» Президент жарлығының аясында жүзеге асырылған. Инициатива елдің табиғи және мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға бағытталған.

Сонымен қатар Қырғызстанның Табиғи ресурстар министрлігіне қар барысы популяциясын қорғау және оның мекен ету ортасын сақтау жөнінде арнайы жоспар әзірлеу тапсырылды.

Қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.