Каппадокияда туристер мінген екі әуе шары құлап түсті: Қаза тапқандар бар

0
100

Тағы 19 адам жарақат алған.


Каппадокияда туристер мінген екі әуе шары құлап түсті: Қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ. Түркияның Каппадокия аймағындағы Аксарай провинциясында екі әуе шары апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ауа райының күрт өзгеруі мен жел екпіні себеп болған, деп жазады stan.kz.

YeniSafak басылымының хабарлауынша, апат салдарынан әуе шарларының бірінің пилоты қаза тауып, тағы 19 адам жарақат алған.

Провинция губернаторы Мехмет Али Кумбузоғлу мәлімдегендей, шарлардың бірі Гөзлюкөй ауылы маңында қатты қонса, екіншісі Ихлара жазығының басқа бөлігінде құлаған. Қаза тапқан адам – Түркия азаматы. Ол шар себетінен құлап, шардың конструкциясы басып қалу салдарынан ауыр жарақат алған.

Жарақат алғандардың басым бөлігі — индонезиялық туристер. Барлығы шұғыл түрде Ақсарай қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың өміріне қауіп жоқ екенін айтты.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар, өрт сөндірушілер, жандармерия және төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Аймақта әуе шарларының барлық ұшулары уақытша тоқтатылды.

Түркияның Көлік министрлігі тергеу жүргізуді бастап кетті. Билік марқұмның отбасына көңіл айтып, туристік әуе сапарларының қауіпсіздігін күшейтуге уәде берді.