Италиядағы оқ-дәрі зауытында жарылыс болды

0
147

Жарылыстың себебі әзірге белгісіз.


Италиядағы оқ-дәрі зауытында жарылыс болды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Римге жақын орналасқан Коллеферро қаласындағы оқ-дәрі зауытында жарылыс болды. Абырой болғанда оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Кәсіпорында болған 24 қызметкердің барлығы қауіпсіз жерге шығарылған, деп жазады inbusiness.kz.

KNDS Ammo Italy тобының құрамына кіретін зауытта алдымен өрт шыққан. Corriere della Sera мәліметінше, цехтардың бірінде оқ-дәріні нығыздайтын компактор өртенген. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 14:45 шамасында болған.

Кейін өрт зауыттың басқа бөліктеріне тарап, соңы жарылысқа ұласқан. Оның дауысы жақын маңдағы ауылдарда естілген. Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері зауытқа жарылысқа дейін жеткен. Сол күні кәсіпорында жұмыс істеген 24 адамның барлығы дін аман. Қауіпсіздік мақсатында зауыт маңындағы жолдар жабылды.

Коллеферро мэрі Джулио Каламита жағдайдың бақылауда екенін айтты. Оның сөзінше, зауытқа жақын орналасқан бірнеше үйдің терезесі жарылыс толқынынан сынған.

"Бақытымызға қарай, жарылыс жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін болды. Әйтпесе, үлкен қайғылы жағдай болуы мүмкін еді", – деді мэр.

Италияда тамыз айында көптеген компания қызметкерлеріне демалыс береді.