Исландияда жанартау атқылауынан бір шақырымдық жарық пайда болды

0
123

Бұл туралы Исландияның метеорологиялық басқармасы хабарлады.


Исландияда жанартау атқылауынан бір шақырымдық жарық пайда болды

Фото: Мир24

ERNUR.KZ. Исландия астанасы Рейкьявикке жақын жердегі Сундхнукур жанартауы атқылады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл – 2021 жылдан бері Исландия аумағындағы он екінші жанартау атқылауы. Тиісті ақпаратты Исландияның метеорологиялық басқармасы таратты.

Исландияның оңтүстік-батысындағы атқылап жатқан жарықтың ұзындығы 700 метрден 1000 метрге дейін жететіні айтылған.

"Лава оңтүстік-шығыс бағытқа қарай ағып жатыр, ол инфрақұрылым нысандарына жақындамаған. GPS-өлшемдер мен жер қыртысының деформациясына қатысты сигналдарына қарағанда, бұл салыстырмалы түрде шағын атқылау деуге болады", – деп хабарлады басқарма.

Адамдар демалыс орны мен балықшылар қалашығынан эвакуацияланды.