​Греция жағалауында 6,4 магнитудалық жер сілкінісі болды

0
127

Жерасты дүмпуі Мысыр аумағына да сезілді.


​Греция жағалауында 6,4 магнитудалық жер сілкінісі болды

Фото: azerbaycan24.com

ERNUR.KZ. Греция жағалауында 6,4 магнитудалық жер сілікінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа - Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп жазады inform.kz.

Орталықтың мәліметтері бойынша, зілзаланың ошағы 2,2 мың тұрғыны бар Карпатос аралынан оңтүстікке қарай 66 км қашықтықта жатыр, тереңдігі 14 км.

Зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы мәлімет жоқ. Цунами қаупі туралы ескерту болған жоқ.
Жерасты дүмпуі Мысыр аумағына да сезілді.
Осыған дейін Ыстанбұлдағы жер сілкінісінен кейін қала сыртындағы үйлерге сұраныс күрт артқаны туралы жаздық.
Мегаполистің көптеген тұрғындары көпқабатты үйлерден бас тартып, баламалы, сейсмикалық жағынан қауіпсіздеу тұрақ іздеуге көшті.