Ра Полетт 25 жылдан бері үңгірде бір өзі тұрады. Оның жалғыз досы - иті. Бұған дейін ешкім оның баспанасна кірмеген еді. Жуырда үңгірдің ішін көзімен көргендер таңданыстан жағаларын ұстады.
Ра Полетт 25 жылдан бері үңгірде бір өзі тұрады. Оның жалғыз досы - иті. Бұған дейін ешкім оның "баспанасына" кірмеген еді. Жуырда үңгірдің ішін көзімен көргендер таңданыстан жағаларын ұстады.
АҚШ-тың Нью-Мексико шататында орналасқан бұл жерді шын мәнінде керемет туындылар мұражайы деуге келеді. 67 жасқа келгеніне қарамастан ол күнде үңгірдің қабырғаларына қайталанбас өрнек салады.
Күрек, қоларба және қайла секілді қолда бар аспаптарды пайдалана отырып, ол жер астынан жол қазып, оның қабырғаларын өз қолымен безендіреді.
Шебердің өзінің айтуынша, бұл машақатты еңбектің әр сәтінен теңдессіз ләззат алады.
Ра Полетт өмірінің мәніне айналған машық тапқанына дән риза.
Өз қолымен жасаған үңгірге келген саяхатшылардан болмашы ғана ақша алады. Ол атаққа да ақшаға да құмар емес. Оның бар көздегені - жасаған туындылары адамдарды бір ауық күйбең тірліктен арылтып, оларға бұл өмірдегі өз орны туралы ой салу.
Ра Полеттің арнайы білімі де жоқ. Бір күні ұйқыдан оянған ол үңгір қазғысы келетінін түйсінген.
Өзінің алғашқы жерасты баспанасын 1987 жылы қазыпты.Туынды авторы қазған үңгірінің мұншалықты танымал болады деп ойламапты. Сондықтан жерасты жолдарын қызыққұмарлар үшін жауып тастауына да тура келген. Өйткені онда қауіпсіздік шаралары толығымен қаралмаған еді.
Үңгірдің қабырғаларын Ра Полетт өз қолымен безендіреді.
Ра Полеттің қолынан шыққан туындылар тылсымымен баурап алады. Оның бәрін жасауға қаншама тер төгілгені оның өзіне ғана аян. Ол ең алдымен өзгелер өзінің бұл дүниемен тұтастығын сезіну үшін еңбектенеді.
Ра Полетт үңгірлері әдемі әрі кәсіби безендірілген: бұл - адамның табиғи дарынынан хабар берсе керек.
Қазіргі кезде Ра Полетт 14 үңгір қазып, енді 15-шісіне кірісіпті. Онысы бұрынғылардан өзгеше әрі ауқымды болмақ.

Бұл жобаны іске асыру жолында еңбектеніп келе жатқанына 10 жыл болды. Бұл адамның жермен байланысын сезініп, өзінің жан дүниесіне үңіле алатын ерекше орын болуы тиіс.

Алғашқы жетістігінен соң шеберді өзгелер жалдауға тырысыпты. Бірақ бас тартқан. Өйткені үңгірді тек шынайы шабытпен ғана жасай алады.

Бұл ерекше адам туралы және оның туындылары туралы түсірілген "Үңгір қазушы" фильмі «Оскар»-ға ұсынылған.

дереккөз: mirumira.ru