Ер адам сүйіктісінің дәретханада ұзақ отырғанына ашуланып, құлағын жұлып алған

0
79

Оқиға 19 сәуір күні Пиракая муниципалитетінде болған.


Ер адам сүйіктісінің дәретханада ұзақ отырғанына ашуланып, құлағын жұлып алған

Фото: Jam Press

ERNUR.KZ. Бразилияда ер адам концерт кезінде сүйіктісіне шабуыл жасап, оның құлағының бір бөлігін тістеп жұлып алған, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 19 сәуір күні Пиракая муниципалитетінде болған. 29 жастағы Вендел Александр де Оливейра Полони концерт залының фойесінде ондаған адамның көзінше әйелге тап берген. Ол қыздың шашынан ұстап, құлағын тістеп, үлкен бөлігін жұлып алған.

Күдікті дереу ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізіліп, жарақатына тігіс салынды. Оның айтуынша, ер адам оның дәретханаға ұзақ барғанына ашуланған.

Әйел кезекте тұрғанын түсіндіргенімен, ол ашуға мініп, шабуыл жасаған. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ер адамда алкогольдік мас күйдің айқын белгілері болған. Тергеу барысында ол жәбірленушіге қоңырау шалып, қорқыта бастағандықтан, одан телефоны тартып алынған.

Қазір ер адамға тұрмыстық зорлық-зомбылық және денсаулыққа зиян келтіру баптары бойынша айып тағылды. Сонымен қатар ол жануарларға арналған азық сататын компаниядағы қызметінен босатылған.