Дубайдан Гонконгқа ұшқан жүк ұшағы теңізге құлады (ВИДЕО)

0
124

​Ұшақ апатынан екі адам қаза тапты.


Дубайдан Гонконгқа ұшқан жүк ұшағы теңізге құлады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Гонконг халықаралық әуежайында Boeing 747 жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, жердегі техникалық қызмет көлігімен соқтығысып, кейін теңізге құлаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға салдарынан көлікте болған екі қызметкер қаза тапты: олардың бірі судан табылса, екіншісі ауруханада көз жұмған.

Жүк ұшағы Emirates әуе компаниясының EK9788 рейсін орындаған, бағыты Дубай – Гонконг. Ұшақ экипажының мүшелері зардап шекпеген.

Азаматтық авиация департаменті оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, 12 жүк рейсінің ұшатын уақыты кейінге шегерілген.

Ұшақ шығып кеткен солтүстік ұшу-қону жолағы уақытша жабылды, ал орталық және оңтүстік жолақтар әдеттегі режимде жұмыс істеп тұр.