​Бішкек соты Биволдың бұрынғы әйелін сырттай соттап, халықаралық іздеу жариялады

0
94

1990 жылы туған Екатерина Биволға 25 қазан күні жоғарыда аталған бап бойынша сырттай айып тағылды.


​Бішкек соты Биволдың бұрынғы әйелін сырттай соттап, халықаралық іздеу жариялады

ERNUR.KZ. Бішкек қаласының ІІБ дерегіне сүйенсек, боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайына қарсы әлеуметтік алауыздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл іс әлеуметтік желідегі видеода әйелдің қырғыз халқына қатысты қорлайтын сөздер айтқанына байланысты қозғалған, деп жазады inform.kz.

Бішкектегі Первомай аудандық соты атақты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды сырттай қамауға алу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Бішкек қаласының ІІБ хабарлады.

«2025 жылғы 21 қазанда әлеуметтік желілерде Екатерина Биволдың видеоматериалдары тарады. Видеоларда әйел жоғары қоғамдық танымалдығын және медиасферадағы ықпалын пайдалана отырып, қырғыз халқының абыройын қорлайтын, ұятты және төмендететін сөздер айтқаны көрсетілген», делінген Бішкек қалалық ІІБ-нің ресми хабарламасында.
Осы факті бойынша Бішкек қалалық ІІБ-нің тергеу қызметі Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша — «Рәсімдік, этникалық, ұлттық, діни алауыздықты қоздыру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Аталған бапқа сәйкес, айыпталушыға 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
1990 жылы туған Екатерина Биволға 25 қазан күні жоғарыда аталған бап бойынша сырттай айып тағылды. Первомай аудандық сотының судьясы айыпталушыға сырттай қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын тағайындады. Ол ҚР Үкіметі жанындағы №21 Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде қамауда ұсталады және оған іздеу жарияланды.
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.