Әзербайжанның екі бірдей футболшысы жол апатынан қаза тапты

0
170

​Олар «Гобу» футбол клубында ойнаған.


Әзербайжанның екі бірдей футболшысы жол апатынан қаза тапты

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Гобу-Локбатан автожолында 29 шілде күні кешке ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Oxu.az мәліметінше, мемлекеттік тіркеу нөмірі 99-EN-361 «Toyota» маркалы жеңіл автокөлігі «Ford Transit» шағын автобусымен соқтығысқан.

Апат салдарынан «Toyota» автокөлігінде болған Бахруз Султанов пен Рауф Гусейнов оқиға орнында қаза тапты. Ал «Ford Transit» жүргізушісі түрлі жарақаттар алды.

Қаза тапқандар «Гобу» футбол клубының ойыншылары болған.