Уайз округіндегі орта мектеп мұғалімі сыныпқа бірнеше жылан алып келген.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Техас штатында ата-аналар Зоология мұғаліміне шағым түсірді, талапкерлердің пікірінше, мұғалім жануарларға қатыгездікпен қарайды, деп жазады zakon.kz.
CBS News жазуынша, Уайз округіндегі орта мектеп мұғалімі сыныпқа бірнеше жылан алып келген. Сол күні оқушыларға сабақ алдында жыланды тірі марғаумен тамақтандырғанын айтқан. Кейінірек, ол бұл әрекетке марғау ауырып тұрғандықтан барғанын мәлімдеді.
Мұғалімде осындай үш марғау қалған. Оқушылардың бірі ата-анасының рұқсатымен олардың бірін үйіне алып кеткен. Дегенмен, марғаулардың ешқайсысы тірі қалмапты.
Белгілі болғандай, мектепке түскен шағымнан кейін мұғалім оқушылардан кешірім сұрап, жыландарды сыныптан алып кеткен.