“Әлем аруы” байқауының жеңімпазы атанған Фатима Бош өз елінде сынға ұшырады.
Фото: https://www.instagram.com/fatimaboschfdz
ERNUR.KZ. Әлемдегі ең әдемі ару атанған Фатима Бош өз елінде сынға ұшыраған. Мексикалықтар “Әлем аруы Мексика” байқауында Фатиманы жақтырмай, тәжге басқа қатысушы лайық екенін айтқан, деп жазады Stan.kz.
“Әлем аруы” байқауының жеңімпазы атанған Фатима Бош өз елінде сынға ұшырады. Gulf News мәліметінше, оны халық “Әлем аруы Мексика” конкурсында жамандап, тәжді басқа қатысушыға беруді ұсынған.
Ол халықаралық “Әлем аруы” байқауына Таиландқа аттанбас бұрын, алдымен “Әлем аруы Мексика” атағын алу керек болған. Ол бұл титулды жеңіп алды, бірақ оның жеңісі өзге қатысушылар мен көрермендердің көңілінен шықпады. Көпшілігі жеңіске нағыз лайық қатысушы – “Мисс Халиско” Йоана Гутьеррес деп санады.
Фатима Бош “Әлем аруы Мексика” тәжін алу үшін сахнаға шыққанда, оны құттықтауға ешкім жақындамаған. Ашулы көрермендер наразылық білдірсе, қарсыластары “Жеңімпаз – Халиско!” деп ұрандатқан.
Бош мұндай теріс пікірлерге мән бермеуді жөн көрген.
“Мұндай жағдай кез келген ересек адамды еріксіз мектеп оқитын әлсіз балаға айналдырады. Бірақ біздің ішкі күйіміз өзгелердің пікірінен тәуелді болмауға тиіс”, – деді ол.


