Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Вашингтон штатындағы қағаз фабрикасында жарылыс болып, артынша күйдіргіш химиялық зат сақталған ірі резервуар құлаған. Салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, тағы тоғыз адам із-түзсіз жоғалды, деп жазады baq.kz.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, оқиға Лонгвью қаласындағы Nippon Dynawave Packaging Co. кәсіпорнында болған. Билік мәліметіне сәйкес, ішінде шамамен бір миллион галлон (3,4 млн литр) күйдіргіш сұйықтық болған резервуар жарылып, кейін конструкция опырылып түскен.
Сұйықтықтың төгілуінен тағы тоғыз адам зардап шеккен, олардың кейбірі ауыр жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында құтқару жұмысына қатысқан өрт сөндіруші де бар. Адамдардың денесін күйік шалып, химиялық заттарды жұту салдарынан тыныс жолдары зақымданған.
Лонгвью қаласының өрт сөндіру қызметі қираған резервуар ішінде сұйықтықтың бір бөлігі әлі де қалғанын, бұл іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатып отырғанын мәлімдеді.
" Резервуар әлі де тұрақсыз күйде қалып отыр, бұл төтенше жағдай қызметкерлеріне қауіп төндіреді ", – делінген өрт сөндіру департаментінің хабарламасында.
Құтқарушылар операцияны жалғастыру үшін конструкцияны бекіту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазір арнайы қызметтер оқиғаның себептерін анықтап жатыр.


